Меню KDT

logo.jpeg?_=1681624237

"Солтүстік Қазақстан  облысы әкімдігінің білім басқармасы"КММ
"Айыртау ауданының білім бөлімі" КММ
"Қызыл-Әскер орта мектебі" коммуналдық мемлекетік мекемесі.
  • kz
  • ru
  • en
  • Мектеп тарихы

    Құмтөккен ауылында ең алғаш мектеп сонау 1928 жылдары алғашқы сауат ашу мектептері ретінде пайда болғанға ұқсайды.Қариялардың айтуынша ауыл құрылмай тұрып елдегі аса ірі байлардың бірі болған Шәймет байдың үйін конфискациялаған Кеңес үкіметі, оның ағаштан салған үйін "Қызыл бұрышқа" айналдырып ,сауат ашу мектебін ашқан. Онда ең алғаш сабақ берген мұғалім Шаукен деген кісі болған.Кейіннен бөренеден салынған сол үйді жаңадан құрылған Құмтөккен ауылының орталығына көшіріп әкеліп оны бастауыш мектепке айналдырған.1961 жылы ауыл орталығынан жаңадан тастан қаланған мектеп ғимараты шаруашылық әдіспен салынған да, Қызыл-Әскер  сегізжылдық мектебі мәртебесі берілген.Мектептің алғашқы директоры Жәнәбіл деген кісі болған.Кейіннен мектепті Томпышев Қабыкен,Ожыбаев Қалау,Аубакиров Сапар,Бейсекеев Есмағзам басқарған.Қызыл-Әскер сегізжылдық мектебінде елге белгілі :Жахин Жолтай,Ахметов Естай,Мажкеев Қуанышбай.Мұхамеджанов Әрнаш,,Ашимов Төлебай, Мыржықов Қали,Қасымов Оразбай,Мыржықова Нағима,Томпышева Зипа.Жанайдарова Атлас,Біркенова Ұмсын,Қожахметова Әлия және тағы басқа ұлағатты ұстаздар ұрпақ тәрбиесі жолында аянбай еңбек етті.1989 жылы Құмтөккен ауылында аудандық ПМК-17 ұжымының күшімен,Үкілі Ыбырай кеңшарының қолдауымен жаңа екі қабатты типтік,192 орындық,сегізжылдық мектеп ғимараты бой көтерді.Жаңадан салынған мектепкеі ауыл тұрғындарының өтініші бойынша сол кездегі Володар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Б.А.Көшімбаев аудандағы тұңғыш таза қазақ орта мектебі мәртебесін берді.Мектептің сол кездегі директоры Қожахметова Әлия Қойбағарқызы болды.Міне содан бері Қызыл-Әскер орта мектебі өз ұясынан 27 рет түлектерін ұшырды.Жалпы Қызыл-Әскер мектебін бітірген түлктердің ішінде  2 ғылым докторы,1 ғылым докторлығына кандидат,.елге белгілі кәсіпкерлер,"Болашақ"стипендианты да бар. Атап айтқанда техника ғылымдарның докторы Шерьязов Сәкен Қойшыбайұлы,қазір РФ-ның Челябинск қаласындағы мемлекеттік агроинженериялық академиясының "ауылшаруашылығын  электрменжабдықтау" кафедрасының профессоры,Әбілмәжінов Мұхтар Төлегенұлы,медицина ғылымдарының докторы,Астана медициналық университетінің  ортопедия және травмотология кафедрасының профессоры. Мектеп ұзақ жылдардан бері өзінің басты миссиясы білім беру мен тәрбиелеу міндетін атқаруда

    Послание
    Президента

    Мектеп басшысы: Ашкеев Мұрат Жаманович.

    Директордың ОЖ жөніндегі орынбасары: Кожахметов Жумат Абильмажинулы

    Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары: Рахымжанов Жанат Тулегенович